Дзюдодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 7-і орын алды

16:02 | 27 қараша 2013

Біздің ардагерлердің жүлде қоржынында 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль бар.

29d620474a86dfa2c041cbebdd273e75.jpg

Әбу-Даби қаласында қарашаның 24-26 аралығында өткен дүбірлі сынға әлемнің 54 мемлекетінен 775 спортшы қатысты. Оның ішінде Қазақстан намысын қорғаған 27 дзюдошы да бар. Біздің құрама сапындағы ең жасы үлкен балуан – Шапай Иманғалиев. Шапай ақсақалдың жасы 70-те. Ал ең жас дзюдошы Құдайберген Игіліков 31 жаста. Әбу-Даби татамиінен 40-44 жастағы спортшылар арасында 81 келіде сынға түскен Нұржан Сейітханов, 100 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Руслан Сейілханов және 70-75 жастағы ардагерлер арасында 60 келі салмақта күрескен Керей Қойшыбек есімді балуандарымыз алтынмен оралды.
Күміс жүлдегерлер: Рустам Қасенов, 35-39 жас аралығы, 73 келі; Мәншүк Баданова, 50-54 жас аралығы, 78 келі;
Қола жүлдегерлер: Алмаз Атаев, 30-34 жас аралығы, 81 келі; Дәурен Мұқышев, 35-39 жас аралығы, 90 келі, Первиз Гулиалы, 40-44 жас аралығы, +100 келі, Сергей Волобуев, 45-49 жас аралығы, 73 келі.
Талғат Жамұхаметов (66 келі, 65-70 жас аралығы) пен Шапай Иманғалиевтер (60 келі, 70-75 жас аралығы) 4-і орын алды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар