Дастан Ықыбаев Гран При жарысының күміс жүлдегері атанды

19:51 | 21 наурыз 2015

Қазақ дзюдошысы Дастан Ықыбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Гран При жарысының күміс жүлдесін жеңіп алды. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін спортшы жеребе тарту нәтижесі бойынша бірден екінші айналымға шықты. Алғашқы кездесуінде ол ресейлік Денис Ярцевті ұтты, екінші белдесуінде армениялық Давид Никогосяннан басым түсті. Жартылай финалға жолдама алу үшін ол әзірбайжан спортшысы Хусейн Рахимлиді жеңді. Жартылай финалда Дастан татами иесі грузия палуаны Звиад Капанадзеден айласын асырып, ақтық сынға жолдама алды. Финалда Рустам Оруджевтен ұтылып, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Ертең татамиге, Әсет Ахметжанов (90 келі), Айбол Айтбек (90 келі), Виктор Демьяненко ( 100 келі), Ержан Шынкеев (100 келіден жоғары) және Руслан Әбдіразақов ( 100 келідне жоғары) шығады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар