Мектеп оқушылары арасында дзюдо күресінен жарыс өтті

12:35 | 16 ақпан 2015

Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде дзюдо күресінен мектеп оқушылары арасында жарыс өтті. Оған 2001 – 2003 жылғы оқушылар және 2004-2006 жылғы спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша қатысты. Жарыс қалалық болғанымен, оған Ерейментау ауданы мен Степногорск, Көкшетау және Балқаш қаласынан да дзюдошылар келді. Қатысушылардың жалпы саны – 200 жеткіншек.

ЖАНДОС КЕМЕЛБАЕВ , НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДЗЮДО КҮРЕСІ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

«Жалпы жарыс жоғары деңгейде өткізілді. Қала біріншілігі болса да, Астанаға жақын орналасқан шаһарлардан спортшылар келді. Біздің Назарбаев зияткерлік мектебінде дзюдо залы жаңа жылдан бастап жұмыс істейді. Осы залды ашып, бізге татами сыйлаған еліміздің дзюдо федерациясына, оның Президенті Рақышев Кеңес Хамитұлына алғыс айтамыз. Сонымен қатар, федерацияның қолдап отырған Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясына, бас демеушілер «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына айтар алғысымыз шексіз».

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар