Конфедерация еліміздің Үздік спорт ұйымы деп танылды
Тимур Асқарұлы Құлыбаев басқаратын Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы 2014 жылғы қорытындысы бойынша еліміздің Үздік спорт ұйымы атағына ие болды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жыл үздіктерінің салтанатты марапаттау рәсімін Қазақстанның Ұлттық мұражайында өткізген болатын. Конфедерация мен оның мүшелері үшін 2014 жыл жемісті болып өтті. Конфедерация спортшылары халықаралық жарыстардан, соның ішінде Азия Ойындарынан жүлделі оралды. 2014 жылдың аяғында Алматыда халықаралық мамандарының жоғары бағасына ие болған ауыр атлетикадан әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Қазақ спортының жетістіктері дене шынықтыру мен спорт саласында өткізілетін мемлекеттік саясаты мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауының арқасында мүмкін болғандығын ерекше атап көрсету керек.
Сонымен қатар, салтанатты кеш барысында ҚР Мәдениет және спорт спорт министрлігі 2014 жылғы үздік спортшыларға сыйлықтарын табыстады. Солардың ішінде Конфедерация спортшылары да болды, олар - ауыр атлетикадан әлем чемпиондары Илья Ильин мен Жасұлан Қыдырбаев, және былғары қолғап шеберлері Данияр Елеусинов пен Назым Қызайбай. Зілтеміршілер Жазира Жаппарқұл "Спорттық үміт" номинациясын жеңіп алса, Владимир Седов "Жеңіске деген ынтасы үшін" номинациясына ие болды. Сондай-ақ Конфедерация құрамына кіретін бокс пен ауыр атлетика федерациялары Қазақстан спортының дамуына үлес қосқандығы үшін жеке аталынды.
Спортқа ерекше мән беретін титулдық демеушілеріміз "Самруқ-Қазына" ҰӘАҚ" АҚ мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ алғысымызды білдіреміз.
0 пікірлер