Федерация басшылығының қатысуымен брифинг өткізілді
Орталық коммуникациялар қызметінде Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы өкілдері және Қазақстан дзюдо федерациясы басшылығының қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг барысында дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Мықтыбеков Маратбек биыл әлем біріншілігі Астана қаласында өткізілетінін хабарлады. Жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр. Федерацияның даму жөніндегі директоры Асхат Жіткеев дзюдодан ұлттық құрама Жапонияда жаттығу жасап жатқанын жеткізді. Сонымен қатар ол, ел спортшылары арасында 60 , 66 , 73 келі салмақта жоғары бәсеке орнағанын атап өтті. Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Әзбергенов Жігер спортшылардың жоғары жетістіктерге жетуі демеушілерге де байланысты екенін айтты. Сондықтан үнемі қаржылай қолдау көрсетіп отыратын бас демеушілер «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК алғыстарын білдірді.
0 пікірлер