Тимур Құлыбаев «Барыс» орденімен марапатталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды.
І дәрежелі «Барыс» орденімен спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының төрағасы, Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев марапатталды.
«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген.
• Қазақстан Республикасынын мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciнe;
• бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге;
• мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте;
• халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға;
• ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ерекше еңбек ciңipгeн ерекше азаматтарға беріледі.
0 пікірлер