Маратбек Мықтыбеков: "Дзюдоны насихаттау бағытында ауқымды жұмыс жасалуда"
Ұлттық құраманың дайындығын шыңдау мақсатында биыл қандай жұмыс жүргізілді?
- Ұлттық құраманың дайындығын шыңдау мақсатында біз кеңесші –жаттықтырушы ретінде бельгиялық белгілі бапкер Александр Яцкевичті шақырдық. Ол кезінде 10 –нан астам Олимпиада ойындарының және әлем біріншіліктерін жүлдегерлерін және 50-ге жуық Еуропа чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушы. Өзі Олимпиада ойындарының және әлем біріншіліктерінің жүлдегері, үш дүркін Еуропа чемпионы және қазіргі таңда Еуропа дзюдо одағының спорт директоры қызметін атқарады. Осы білікті маманмен ақылдаса келе, ерлер ұлттық құрамасының 2014 және 2015 жылдарға арналған жаттығу жоспары жасалды.
-Жалпы алғанда 2014 жылы елімізде қанша жарыс өткізілді?
-Биыл әр түрлі жастағы спортшылар арасында 4 ел бірінішлігі өткізілді, ересектер арасында басқа мемлекеттерден келген спортшылардығ қатысуымен 5 турнир, жастар және жасөсіпірімдер арасында 6 жарыс, оның ішінде Қарағанды қаласында өткізілген жасөспірімдер арасындағы Азия ашық кубогын атап өткен жөн.
Әрине, ең ірі жарысымыз Астанада биыл өткізілген Гран При, байрақты бәсекеге 40 –қа жуық мемлекеттен 300-ге тарта спортшы келіп қатысты. Осы турнирда біздің дзюдошылар 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль иегері атанды. Жарыстың ұйымдастырылу дәрежесі халықаралық дзюдо федерациясы тарапынан жоғары бағаланды.
-Өңірлердегі спорт мектептеріне федерация тарапынан қандай да бір көмек көрсетіле ме?
-Дзюдо федерациясы облыстардағы спорт мектептерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту жолында да жұмыс жасауда. Екі жыл ішінде дзюдо бөлімшелері мен түрлі мектептерге 13 комплект татами мен 178 комплект кимоно берілді.
-Бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру жолында қандай жұмыс жүргізілуде?
-Федерация спортшылар мен төрешілердің және бапкерлердің біліктілігін арттыру үшін ерекше көңіл бөлуде. Халықаралық семинарлар мен біліктілігін арттыру курстарында 30-ға тарта жаттықтырушы мен төреші оқып келді. Өңірлерде отандық және шетелдік білікті мамандарды тартып, семинарлар өткізу арқылы кадрларды оқытуға үлкен көңіл бөлінуде. Осы бағытта 2014 жылы елімізде 7 семинар өткізілді.
Ұлттық құрама сапындағы спортшыларды оқытуға жіті көңіл бөлінуде. Барлығы түрлі жоғары және басқа да оқу орындарында оқиды, бірқатары білім ошақтарын бітіріп үлгерген.
-Спортышыларға қандай медициналық көмек көрсетілуде?
Федерация жұмысының негізгі бағыттарының бірі спортшылардың ауруларының алдын алу, түрлі жарақаттан кейін оларды Қазақстанның және шетелдік емханаларда емдету.
Конфедерацияның көмегінің арқасында биыл Ислам Бозбаев пен Лим Сергей шетелден сапалы медициналық көмек алып, бейімделу үстінде.
Допингке қарсы орталықпен бірлесе тыйым салынған препараттарды қолданбау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше келеңсіз жағдайдың орын алуын, спортшылар мен бапкерлердің тыйым салынған препараттар мен сусындардың және тағамға қосатын заттардың тізімін толық білмеуінен болды.
-Қазақстанды дзюдо күресін жастар арасында насихаттау жолында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
- Елімізде дзюдоны насихаттау бағытында ауқымды жұмыс жасалуда. Федерацияның ресми сайты жұмыс істеуде, жақында әлем біріншілігінің сайтын іске қостық, өткізілетін шаралардың барлығы ақпарат құралдарында жарияланып отырады. Федерацияның «Казспорт» телеарнасымен тығыз жұмысын ерекше атап өту керек, осы арна арқылы жанкүйерлерімізге жарыстар мен дзюдошылар туралы материалдарды көруге мүмкіндік бар.
-Дзюдоның дамуында спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының рөлі қандай?
-Конфедерация құралғаннан бері материалдық және қаржылық мәселелер толыққанды шешілді. Оқы-жаттығу өткізетін спорттық базалар саны көбейіп, оларды жабдықтау жағы да жоғары деңгейге көтерілді.
-Келер жылы қандай негізгі шаралар жоспарланып отыр?
-Қазақстан үшін халықаралық дзюдо федерациясының Астана қаласында дзюдо күресінен әлем біріншілігін өткізу құқығы берілгендігінде. Бұл дзюдоның елімізде ары қарай насихатталуына мүмкіндік бермек.
2013 жылдың қыркүйегінде халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев және Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов келешектегі дзюдо орталығының құрылысына сәттілік тілеп, алғашқы кірпішін қалаған еді, нысанның құрылысы 2015 жылы аяқталмақ.
-Жаңа жыл қарсаңында өз әріптестеріңізбен жәнкүйерлерге қандай тілегіңіз бар ?
-Ең алдымен облыстық спорт басқармаларына және федерация президенттеріне дзюдошыларымызды қолдағандары үшін алғысымды білдірем. Барлық бапкерлер мен спортшыларға, жанкүйерлерге сәттілік, көтеріңікі көңіл күй және отбасыларына береке тілеймін.
Сұхбатыңызға рахмет!
0 пікірлер