Жексембай Саламатов: «Қыздардың дайындық деңгейлері жоғарылады»

16:48 | 27 қараша 2014

Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз

-6- 24 желтоқсан аралығында және келесі жылы қаңтар айында оқу-жыттығу өткізіледі. 2015 жылы Гран При, Гранд Слам деген көптеген жарыстар бар. Алайда біз үшін ең негізгісі әрине, Астана қаласында өткізілетін әлем біріншілігі. Шілде айынан лицензиялық жарыстар басталады. Оған міндетті түрде қатысамыз, себебі олимпиадаға уақыт аз қалды, ұпай жинау керек.

-

Қыздар құрамасынан спортшылар олимпиадаға қалай іріктеледі?

-Қыздарда күрделірек, ұлдарда рейтинг бойынша алдыңғы қатарлы 22 спортшының қатарына ену керек болса, қыздарда алғашқы 14 спортшының құрамында болу қажет.

Қыздардың жалпы алғанда дайындықтары қандай деңгейде?

-2013 жылы мен бас бапкер болып тағайындалғанда көп жарысқа қатысқан жоқпыз, тест өткіздік. Ол кезде спортшы қыздардың дайындық деңгейлері төмендеу еді, қазір жоғарылады. Енді түрлі лицензиялық жарыстарға қатысу үшін үнемі қаражат бөлініп отырса, арамыздан екі - үш салмақтағы спортшы қыздарымыз олимпиадға жолдама алады деп ойлаймын.

Келер жылы жұмыстарыңызда қай жарыстан бастайсыздар?

-Ірі жарыстардан емес, әзірге кішігірім сатысы төменду жарыстардан бастаймыз.

-

Салмақ ауыстырған спортшылар бар ма?

- Мысалы, Файзолланова Зәмзәгүл былтыр 70 келіге күрескен, қазір 63- ке ауысып кетті. Жастар арасынан Айкүнім Түйтекова 48 келіге күресе бастады, бұрын 52 келі салмақта өнер көрсеткен. Жанар Қашқын 63 те күрескен, қазір салмағы жоғарылап 70-те күресіп жүр.

Гүлжан Исанова бабында ма, қандай үміт күтуге болады?

-Астанада өткен Гран Приде оған дайындыққа аз уақыт қалып еді. Бір ай ғана дайындалып, жарысқа қатысты. Ол жақсылап дайындалса, олимпиадаға жолдама алатын қызымыздың бірі деп есептеймін.

Жаңа жылға орай тілегіңіз.....

-Федерация басшылығына, барлық бапкерлер мен спортшыларға жақсылық тілеймін. Жаңа жыл жаңа жеңістер, табыстар әкелсін.

Сұхбатыңызға рахмет, мақсаттарыңыз орындалсын!

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар