Туған күніңмен, Сергей!
Сергей Лим
Азия чемпионы (Өзбекстан, 2012), «Әлем шеберлері» халықаралық турнирінің жеңімпазы (Ресей, 2013), Лондон олимпиадасының және Бразилияда өткен әлем чемпионатының қатысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Ең әуелі туған күніңмен құттықтаймыз. Алдымен дзюдо күресіне қалай келгеніңді айтып берсең
Өткенғасырдың90 жылдарында карате, таеквондо, самбо және гимнастика танымал спорт түрлері болатын.Алғаш рет спорт заға мені атам алып келгені әлі есімде. Басқа да жеткіншектер сияқты мен алдымен аталмыш спорт түрлерімен айналыстым. Содан соң, 10 жасымда тек қана дзюдомен шұғылдана бастадым. 7 сыныптан бастап Ташкент қаласындағы интернатта оқи бастап, сол мекемеде дзюдо күресімен тыңғылықты айналыстым.
Неге осы дзюдо күресіне тоқтадың ?
-Сол уақытта дзюдо енді танымал бола бастады. Бұл спорт түрі мен үшін әдемі көрінді, маған оның әдіс-тәсілдерімен қатар, киіну мәдениеті қызықтырды. Сонымен қатар, өзіңіз білесіз дзюдо олимпиада ойындарының құрамында бар.
Өзіңнің ең қиын жеңісің туралы айтып берсең
-2009 жылы ел біріншілігінде мен қазіргі Қазақстан чемпионы Қалтаев Ержанмен кездесу өткіздім. Сол кездегі ережеге сай негізгі уақыт 5 минут болатын, қосымша 3 минут берілетін. Бізге қосымша уақыт берілген еді, алайда жеістің маған берді, белсенділігім үшін деп ойлаймын.
Жапоняның құрама командасында өте тәжірибелі дзюдошы Масаси Эбинума бар, оны біздің спортшылардан әлі ешкім жеңген жоқ, оның қандай ерекшелігі бар ?
- Мен ол спортшымен 3 рет кездесіп, жеңілдім. Оның өте жылдам екенін мойындау керек, бойы ұзын мен үшін ыңғайсыз қарсылас. Соңғы рет мен ол жапондықпен әлем біріншілігінде Челябі қаласында күрестім. Сол кезде де мен жеңілдім, бұл менің кемшілігім болса керек. Бірақ мен жеңген қарсыластардан ол жеңіліп жатты.
Сенің ойыңша 66 келі салмақ дәрежесінде біздің қарсыластарымыз қай мемлекеттер ?
-Бізде әлемдік рейтинг бар, оның құрамындағы үздік спортшылар үнемі ауысып отырады. Мен моңғолдарды, жапондықтар мен ресейліктерді, бразилиялықтар мен әзірбайжандықтарды атап өтер едім. Алайда оларды жеңуге болады, жаттығамыз, жеңуге тырысамыз.
-
Қазір ұлттық құрамада өнер көрсетумен бөлек, басқа немен шұғылданасың ?
-Шынын атқанда, басқа шаруалармен айналысуға уақыт жоқ. Күнделікті өз формаңда болу керексің, әр ай сайын жарысқа қатысамыз. Ендігі жыл олимпиадаға ұпай жинайтын жыл, сондықтан барынша көп ұпай жинау қажет. Алайда уақыттың тығыздығына қарамастан, басқа тілдерді үйреніп, кітап оқуға тырысам.
-
Көпшілік қауым Ресейде өткен әлем біріншілігінде өзіңнен медаль күткен еді, алайда жүлдегерлер қатарына іліну үшін не жетпеді?
- Сәттілік жетпей қалды деп ойлаймн. Бұрын бірінші кездесуді шебер қарсыласпен өткізсең, одан жеңілген қарсыластармен күресті жалғастыратын едің. Алайда қазір онлдай мүмкіндік жоқ, қазіргі ережеге сай 1\8 финалға шыға алмасаң, «жұбаныш» белдесі өткізбейсің. Егер жапондық спортшы маған бір кездесуден кейін жолықса, мүмкін басқаша болар ма еді. Алайда өз кемшіліктерімді де мойындау керек.
Егер саған басқа мемлекет атынан күресуді ұсынса, қандай шешім қабылдар едің?
- Әрине жоқ. Мен Қазақстанда туып, өстім. Менің арманым біздің туымызды, Олимпиада ойындарында көтеру.
Жақын уақыттағы жоспарларың қандай?
- Менің жоспарым олимпиадаға жолдама алу. Жақын уақыттағы жарыс наурыз айында болады. Кәсіби карьерамды аяқтау әлі ойда жоқ, денсаулық пен күшіміз жеткенше күресеміз.
Ел біріншілігінде барлық спортшыларымыз бір-біріне қарсылас, ал өмірде ұлттық құрамадағы жігіттермен қандай қарым-қатынастасыңдар ?
-Біз татамиге шыққанда біз жау емеспіз, қарсыласпыз. Ал кездесуден кейін біз доспыз, араласамыз, бір-бірімізге қонаққа барамыз.
-
Кореяда жасаған отадан кейін жағдайың қалай ?
- Қазір өзімді жақсы сезінудемін. Жылдам бейімделіп жатырымын. Осы отаны жасатуға қаржылай көмектескендері үшін дзюдо федерациясының басшылығына және спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясына алғыс айтамын. Жақын уақытта жаттығуды бастаймын.
Бүгін сенің туған күнің, осы күнді және басқа да айтулы мерекелерді қалай атап өтесің?
- Әдетте туған күнімде немесе басқа да мерекелерде мен оқы-жаттығу жиындарында болам. Көбінесе мерекелерді достарымның арасында өткізем. Әрине, осы күнді үйде өткізгім келеді, бірақ бәрі ойдағыдай бола бермейді.
Сұхбатыңызға рахмет, келесі жылдың негізгі жарыстарында сәттілік тілейміз!
0 пікірлер