Ел чемпионатына бірінші нөмірлі спортшылар қатыспайды
Дзюдо күресінен ұлттық құрама бапкерлерінің шешімі бойынша ел біріншілігіне келесі спортшылар қатыспайды: Елдос Сметов, Айбек Имашев, Азамат Мұқанов, Сергей Лим, Смағұлов Жансай, Азиз Қалқаманұлы, Болат Тимур және Максим Раков демалыс үстінде!
Ермек Имамбеков, ҚР дзюдодан ұлттық құрама команданың бас бапкері:
«Өзіміздің жаттықтыршылар кеңесінде осындай шешім қабылдаған себебіміз, олар жақында ғана Азия ойындарында , Астанада өткен Гран Приде күресті. Мысалы Елдос Сметов Азиаданы және Астанада өткен Гран Приді ұтты, сондықтан шаршағандығы байқалады. Айбек Имашев бір салмаққа жоғары күресуді жоспарлаған, алайда Абу Дабиде қолын шығарып алды, сондықтан оған бейімделу керек. Сергей Лимге ота жасалды, Тимур Болатта да жарақат бар. Ендігі жылы ірі жарыстар өткізіледі, сондықтан осы дзюдошыларға демалыс бердік».
0 пікірлер