Азамат Мұқанов қаржылай сыйақыға ие болды

11:04 | 29 қыркүйек 2013

Алматыда өткен дзюдодан әлемдік «Гран-При» додасында Рио де Жанейро қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқановқа қаржылай сыйақы ұсынылды. Қазақстан дзюдо федерациясы 5 миллион теңге көлемінде сыйлық тарту етсе, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы Азаматты 7,5 миллион теңге көлеміндегі сыйақымен марапаттады.

Азаматты бұл жеңісімен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев пен спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының үйлестірушісі Арман Ташметов құттықтады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар