Астанада дзюдодан Гран При жарысы өткізіледі
Ағымдағы жылдың 10-12 қазан аралығында Астанада алғаш рет дзюдодан Гран При жарысы өткізілмек. Оған әлемнің 38 мемлекетінен спортшылар қатысады деп жоспарланған (366 қатысушы: 205 ер мен 161 қыз). Жарыс «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Басталуы 10- шы қазан, сағат 10.00. Ресми баспасөз-конференциясы қазанның 9 сағат 15.00 «RIXOS» ( «Шанырақ» залы) қонақ үйінде өткізіледі. БАҚ өкілдерін тіркеуді халықаралық дзюдо федерациясы келесідей сайтта жүргізуде: http://www.datastat.si/IJF_media/.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасның мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы мен Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясы.
Жарыс демеушілері: «Самұрық - Қазына» ұлттық әл - ауқат қоры» АҚ, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» АҚ және «SAT & Company» АҚ.
0 пікірлер