Мариан Ордабаева қола жүлдегер!
Осыдан төрт жыл бұрын Гуанджоу татамиінде бұйырмай кеткен жүлде енді Марианның еншісінде. 63 келіде сынға түскен дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Мариан Ордабаева Инчхондағы Азия ойындарының (19 қыркүйек – 4 қазан) қола жүлдегері атанды.
Өткен Азия ойындарында Ордабаева қола жүлдеден айырылып қалған еді. Сондықтан, биыл ол қалайда есе жібермеу үшін аттанды. Қуанышқа қарай, Марианның ойы орындалды. Қола медальға күресте ол моңғол қызы Мунгунчимег Балдорждан басым түсті.
Отандық дзюдошылардың басқа да көрсеткішіне көз жүгіртер болса, Дастан Ықыбаев (73 келі) пен Әзиз Қалқаманұлы (81 келі) жүлдеге қол созым жерден тоқтады. Екі балуанымыз да кіші финалда сүрініп, бесінші орыннан көрінді.
Назгүл Құбашева (57 келі) алғашқы кездесуінде жеңілсе, Динара Қодарова (70 келі) жұбаныш белдесуінде ұтылып қалды.
0 пікірлер