Сергей Лим: "Түмендегі жеңіс оңай тиген жоқ»
Түменде өткен дзюдодан «Әлем шеберлері» халықаралық турнирінде Қазақстан өкілі Сергей Лим 66 кг дейінгі салмақ санатында алтыннан алқа тақты. Жеңімпаз sports.kz тілшісіне берген сұхбатында қол жеткізген жеңісі туралы әңгімелеп берді және ағымдағы жылдағы жоспарларымен бөлісті.
– Сергей, Түменде жеңіске жету қаншалықты ауыр болды?
– Жеңіс оңай келді деп айта алмаймын. Барлық белдесуде әрең жеңіп отырдын. «Әлем шеберлері» деңгейі өте жоғары жарыс. Өзіңіз де білетін шығарсыз, бұл турнирге әлемдік рейтингтің үздік «он алтылығына» кіретін дзюдошылар қатысады. Сондықтан да онда қызу тартыс болды..
– Алтын үшін басты қарсылас деп кімнен қаймықтыңыз?
– Әлемдік рейтингке сүйенер болсақ, жеңіс үшін басты үміткер ретінде моңғол спортшысы Тумурхулег Даваадоржтан қаймықтым, себебі ол біздің салмақ санатымызда рейтингті бастап тұрған спортшы. Бірақ Түменде ол финалға жете алмады. Ал басқа бәсекелестерге келер болсақ, олардың қатарында Франция, Жапония, Грузия дзюдошылары болды.
– Турнирге бара жатқанда, жеңіске жетемін деген ой болды ма?
– Әрбір спортшы жеңіске жетіп, тұғырға көтерілгісі келеді, он анық!
– Дзюдо спорты бойынша қазір әлемде қай елдің мысы басым?
– Егер соңғы Олимпиада ойындарының қорытындысына сүйенер болсақ, Еуропада - Ресей, ал Шығыста –Жапонияның салмағы басым. Моңғолияда да мықты дзюдошылар бар. Корея мен Франция спортшылары да лайықты қарсылас болып жүр.
– Қазақстандық жастардың арасында дзюдо қаншалықты танымал?
– Жақсы танымал деуге болады. Қазақстанда бүгінгі таңда жастардың қатысуымен көп жарыстар өткізіліп тұрады. Спорттың бұл түрі рух жағынан қазақтарға жақын.
– Қазақстандық дзюдоның келешегі қалай деп ойлайсыз?
– Жаман емес. Қазақстанның дзюдо федерациясы дұрыс бағытта жұмыс істеп келеді, спорттың осы түрін дамыту үшін көп жұмыстар атқарылуда. Шынын айту керек, соңғы Олимпиадада біздің жігіттер сәтсіздеу өнер көрсетті, бірақ қазақстандық дзюдошылардың қоржынында әлем және Азия чемпионаттарының медальдары, әрі халықаралық жарыстардың жүлделері бар.
– Биыл қандай жарыстарға қатысуды жоспарлап отырсыз?
– Ең басты жарыс – әлем чемпионаты болмақ. Басқа да турнирлерге қатысуды жоспарлап отырмын.
– Риодағы Олимпиадаға әлі үш жыл бар және әлі көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Сонда да, 2016 жылғы Олимпиадаға қатысу жоспарыңызды бар ма?
– Олимпиада наградасы – менің басты мақсатым. Олимпиадада жеңіп алған медаль басқа жарыстардың медальдарына қарағанда бағалырақ, салмақтырақ! Сондықтан да, мақсат біреу – Олимпиада.
Станислав Раскоп
0 пікірлер