Инчхон төріндегі жеңіс!
Азиаданың алғашқы жарыс күнінде отандық татами шеберлері үш жүлде ұтып алды (19 қыркүйек – 4 қазан, Инчхон, Оңтүстік Корея).
Сенбінің басты қаһарманы Елдос Сметов (60 келі) екеніне ешкімнің дауы жоқ. Финалда әлем чемпионы, моңғолиялық Ганбат Болдбаатарды ойсырата жеңген (иппон) Елдос Азия ойындарында алтын алған алғашқы қазақ дзюдошысы атанды. Ал Ганбат әлемдік рейтингінің көшбасшысы саналады.
Қола жүлдені Ленария Минғазова (52 келі) мен Азамат Мұқанов (66 келі) жеңіп алды.
Кіші финалда күрескен Айгүл Байкулева (48 келі) қарсыласынан айла асыра алмай, бесінші орын иеленді.
Елдос Сметовтің көрсеткіші:
C пулі
Кабатулло Аминов (Тәжікстан) – жеңіс
Кин Тинг Ю (Гонконг) – жеңіс
1/2 финал
Тору Шишиме (Жапония) – жеңіс
Азамат Мұқановтың көрсеткіші:
B пулі
Заки Зубайрулла (Ауғанстан) – жеңіс
Дуанбин Ма (Қытай) – жеңіс
1/2 финал
Тумурхулег Давадорж (Моңғолия) – жеңіліс
Кіші финал
Чиа Хунг Чен (Қытайлық Тайпей) – жеңіс
Ленария Минғазованың көрсеткіші:
A пулі
Чи Ленг Вонг (Макао) – жеңіс
Цолмон Адиясамбу (Моңғолия) – жеңіс
1/2 финал
Гүлбадам Бабамұратова (Түркменстан) – жеңіліс
Кіші финал
Калпана Деви Тхудам (Үндістан) – жеңіс
Айгүл Байкулеваның көрсеткіші:
D пулі
Соннапха Пхимпхантхавонг (Лаос) – жеңіс
Шуген Ву (Қытай) – жеңіс
1/2 финал
Эми Ямагиши (Жапония) – жеңіліс
Кіші финал
Сол Ми Ким (Солтүстік Корея) – жеңіліс
0 пікірлер