Олимпиада қаһармандары марапатталды

17:50 | 12 қыркүйек 2014

Бүгін Астанада Нанкинде өткен ІІ Жасөспірімдер Олимпиадасында (16-28 тамыз, Қытай) Конфедерация құрамына кіретін спорт түрлері бойынша жеңімпаз мен жүлдегер атанған спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Жас спортшыларымыздан бөлек, олардың жеке жаттықтырушылары мен ұлттық құрама бапкерлері және ғылыми-кешенді топтың мамандарына да ақшалай сыйлық тарту етілді.

Жеке компаниялардың қолдауымен Конфедерация алтын жүлде иегерлеріне 25 000, күміс жүлдегерлерге 15 000, қола жүлдегерлерге 10 000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйақы табыстады.

Салтанатты марапаттау кешіне мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев, Конфедерация мен федерация өкілдері және танымал қазақ спортшылары Арман Шылманов пен Нұржан Қатаевтар қатысты.

Тастанбек Есентаев Конфедерация мен Конфедерация төрағасы Тимур Құлыбаевқа отандық спортты дамытуға зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, ІІ Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан түрлі деңгейдегі сегіз медальға иелік етті: үш алтын, бір күміс және төрт қола. Олардың жетеуін Конфедерация спортшылары жеңіп алды.

Алтын

Бауыржан Жауынтаев (дзюдо)

Абылайхан Жүсіпов (бокс)

Мұхамбет Қуатбек (еркін күрес)

Күміс

Вадим Казаков (бокс)

Қола

Жасұлан Қалиев ( ауыр атлетика)

Татьяна Капустина (ауыр атлетика)

Евгений Поливадов (грек-рим күресі)

1

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар