Жас спортшылардың жеңісі үшін
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы аймақтардағы спортты дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Бұл жолы Солтүстік Қазақстан облысына көмек көрсетілді.
Бұдан бұрын Солтүстік Қазақстан облысы Әкімдігі мен спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы аймақтағы спортты дамыту үшін әріптес атанғанын хабарлаған едік. Аталған құжат аясында, Конфедерацияның тікелей араласуымен Солтүстік Қазақстан облысындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың спорт залына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және ауыр атлетикаға (WTF) арналған залдар жаңартылды. Жөндеу жұмыстарынан бөлек, Конфедерация демеушілер «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ, «Лукойл Оверсиз Сервис Б.В.» компаниясымен бірлесе отырып, барлық залды спорттық құрылғылармен жабдықтады. Күрес залына кілемдер, дзюдо залына екі татами, таеквондшыларға даянг, ал ауыр атлеттерге әлемге танымал «ELEIKO» маркасының зілтемірлері мен зілтемір сахналары сыйға тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың маусымында Конфедерация өкілдері Солтүстік Қазақстан облысында болып, спорттық нысандарды қарап қайтқан болатын. Сапар нәтижесінде қажетті көмек беру туралы шешім қабылданды.
Конфедерация төрағасы Тимур Құлыбаев аймақтардағы спорттың дамуына серпін беріп, ұлттық құрама командаларға резерв дайындау, мамандандырылған мектеп-интернатт пен колледждердің материалды-техникалық базаларын нығайту және бапкерлер мен оқытушылар білігін арттыру жөнінде тапсырма берген болатын.
0 пікірлер