Дзюдодан қазақ құрамасы Алматыда оқу-жаттығу өткізуде
09:47 | 03 мамыр 2014
Дзюдодан қазақ құрамасы Баку қаласында (Әзірбайжан) өтетін «Grand Slam» халықаралық турнирі қарсаңында Алматыда оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Жаттығу барысында бас бапкер Ермек Имамбеков алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті:
«Біз Бакуде өтетін турнирге 6 салмақ дәрежесі бойынша қатысатын боламыз. Содан кейін Түркияда жаттығу өткіземіз. Аталмыш мемлекетке 30 елден спортшылар келелді деп жоспарланып отыр. Өзімізге пайдалы тәжірибе жинақтаймыз деген ойдамын».
0 пікірлер