Қоржынымызда үш медаль
Дзюдодан жастар құрамасы Тверь қаласында өткен Еуропа кубогында 3 медаль жеңіп алды. Жарыс ағымдағы жылы сәуір айының 5-6 күндері өтті. Қазақстан намысын 22 спортшыдан құралған жастар командасы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Хамза Дидар (73 келі) қоладан алқа тақса, қыздар арасынан Науатбек Ақмарал (40 келі) мен Айда Карчаева (48 келі) күмісті олжалады. Сондай-ақ, алғашқы 7 спортшының қатарына Әбілдә Бейбарыс (50 келі), Омар Жанболат (50 келі), Серәлі Нұрсұлтан (60 келі) және Шәмшәдин Мағжан (55 келі) енді. Ал, қыздардан Мұрат Гүлдана (44 келі), Асылханова Анар (52 келі), Қадырбекова Перизат (70 келі) және Берлікәш Кәмилә (+70 келі) өз салмақ дәрежелі бойынша алғашқы бестікке кірді. Жалпы жарысқа 23 мемлекеттен 302 спортшы қатысты.
0 пікірлер