Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек

16:37 | 21 наурыз 2014

«Дзюдо федерациясы» ҚБ наурыз мейрамы қарсаңында «Спешиал Олимпикс» ҚБ тәрбиеленушілеріне 10 кимононы сыйға тартты. Сыйлықтарды федерацияның даму жөніндегі директоры, олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев табыс етті. «Спешиал Олимпикс» ҚБ мақсаты, мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамның толыққанды мүшесі болуларына көмектесу. «Дзюдо федерациясы» ҚБ мүгедек балаларға жан-жақты қол ұшын созып келеді. Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айында оларға 25 татами табыс етілді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар