Грузия татамиінде Қосаев күміс жүлдегер
23:54 | 21 наурыз 2014
Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан Гран-при бәсекесінің бірінші жарыс күнінде 60 келідегі Еркебұлан Қосаев (суретте ақ кимонода) күміс жүлдегер атанды. Финалға дейін барлық қарсыласынан басым болған жерлесіміз ақтық сында әзірбайжандық балуан Орхан Сафаровтан жеңіліп қалды.
Осы салмақта қола жүлде үшін күрескен Ғабит Есімбетов татами иесі Лукуми Чхвимианиден ұтылып, 5-і сатыға табан тіреді.
66 келіде белдескен Елдос Жұмаханов та қолаға қол созым жерден тоқтады. Алдымен әзірбайжандық Ниджат Шихализадан жеңілген ол үшінші орын үшін күресте моңғол балуаны Батгерел Баттесцегке есе жіберді.
0 пікірлер