Жұмаханов жартылай финалда

15:37 | 21 наурыз 2014

Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-При сериясының (21-23 наурыз) алғашқы жарыс күнінде 60 және 66 келі салмақтағы балуандар бақ сынауда.

66 келіде Қазақстан намысын қорғаған Елдос Жұмаханов (суретте ақ кимонода) жартылай финалда әзірбайжандық Ниджат Шихализадамен кездеседі. Бұған дейін жерлесіміз португалиялық Серджиу Олейник пен Еуропа чемпионы, ресейлік Әлім Гадановты ұтқан болатын.

Бұл салмақта татамиге шыққан Наурызбек Майлашев алғашқы жекпе-жегінде грузиялық Гиорги Кальданиға есе жіберді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар