Дзюдодан Еуропа кубогынан екі алтын

13:39 | 18 наурыз 2014

Жасөспірімдер арасында өткен Еуропа кубогында Қызылорда облысы дзюдо мектебінің тәрбиеленушісі Жауынтаев Бауыржан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, қыздар арасында Астана қаласынан Науатбек Ақмарал 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды қанжығасына байласа, 48 келі салмақта Тараздың тумасы Аида Карчаева 3 орынды иеленді.

Естеріңізге салайық, жарыс Анталияда ағымдағы жылдың 15 – 16 наурыз аралығында өтті. Оған әлемнің 16 елінен 400 – ге жуық дзюдошы қатысты. Қазақстан намысын 21 спортшыдан құралған жасөспірімдер құрамасы қорғады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар