​Құрметті достар!

08:00 | 27 тамыз 2013

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы 26 тамызда Рио-де-Жанейрода басталған дзюдодан әлем чемпионатына орай байқау жариялайды.


Байқау Конфедерацияның ресми парақшасының Facebook әлеуметтік желісінде өтеді.

Байқаудың шарттары келесідей:
1. Facebook парақшасында жарияланған хабарламаны «Ұнайды» деп белгілеп, достарыңызға байқау туралы пікір қалдырыңыздар.

2. Ерекше материалды пайдаланып, «дзюдо» сөзін жазыңыз. Мысалы, тастармен, құммен, үлкен әріптермен, мұзбен жазу, немесе адамдардың, татамидің, дзюдог және тағы басқа да нәрселердің көмегімен жазу.
3. Пайда болған туындыны суретке түсіріп, байқау жарияланған парақшаға тіркеп, пікір қалдырыңыз. Барлық фотолар ресми парақшаның «Дзюдо байқауы» арнайы альбомына жайғастырылады. Бір қатысушы бір ғана сурет жібере алады.

Мерзімі: соңғы жұмыс 2013 жылдың 9 қыркүйегінен кешіктірілмеуі тиіс. Байқауға тіркеу Астана уақытымен сағат 18:00де тоқтатылады.

Нәтижесі: жеңімпаз 2013 жылдың 10 қыркүйегінде Астана уақытымен 12:00-де Конфедерацияның ресми парақшасында жарияланады.


Ұйымдастырушылар жеңімпазды таңдау құқын өз мойындарына алады. Сіздің жаңашылдығыңыз, ерекше мәнеріңіз бен ұшқыр қиялыңыз бағаланатын болады.


Басты сыйлық: Планшет SamsungGalaxyTab 2 GT-P5100
Ынталандыру сыйлығы: 1 терабайттық жады құрылғысы


Суреттеріңізді асыға күтеміз және шығармашылықтарыңызға сәттілік тілейміз!

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар