Таразда жастар арасында ел біріншілігі басталды
23:36 | 21 ақпан 2014
Тараз қаласында 1994-1995 жылғы жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 500 - ге жуық спортшы қатысуда. Бүгін 55, 60, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ұлдар мен 44, 48, 52 келі салмақтағы қыздар сынға түсті. Ертең 73, 81 келіге дейінгі салмақтағы ұлдар, 57, 63, және 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қыздар белдеседі. Ақтық кездесулер 23 ақпанға жоспарланған.
0 пікірлер