Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі өтеді

16:58 | 01 шілде 2024

4-7 шілде күндері Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі өтеді.

Жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Моңғолия, Шри-Ланка және Германия, Молдова, АҚШ елдерінен 700-ге жуық татами шебері қатысады деп жоспарланған. Төрт күнге созылатын дүбірлі дода Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді.
Жарыс нәтижесі бойынша Азия кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейингте ұпай қосылады: І орын – 100 ұпай, ІІ орын – 60 ұпай, ІІІ орын – 40 ұпай.
Бекет Махмұтов - 2009-2012 жылдары Қазақстан дзюдо федерациясының президенті, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған спорт функционері. Аталған жарыс Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес, биыл дәстүрлі түрде жетінші рет ұйымдастырылғалы отыр.
Жарыс бағдарламасы
4 шілде
Жасөспірімдер
Жарыстың басталуы – 10:00*
Финал – 17:00*
Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг
Қыздар: -40 кг, -44 кг, -48 кг, -52 кг,-57 кг,
5 шілде
Жасөспірімдер
Жарыстың басталуы – 10:00*
Финал – 17:00*
Ұлдар: -81 кг, -90 кг, +90 кг
Қыздар: -63 кг, -70 кг, +70 кг
6 шілде
Жастар
Жарыстың басталуы - 10:00*
Финал – 17:00*
Ұлдар: -60 кг, -66 кг
Қыздар -48 кг, -52 кг
Жастар
Жарыстың басталуы – 10:00*
Финал – 17:00*
Ұлдар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;
Қыздар: -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар