​Қарағанды облысы дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионы атанды

18:21 | 06 наурыз 2024

Қарағанды облысы дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Қарағандыда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған тартысты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 521 жас татами шебері қатысты.

Қазақстан чемпионатының жекелей жарыстарында ұлдар – жеті, қыздар жеті салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Жекелей жарыстар нәтижесі бойынша Қарағанды облысы (3 алтын, 1 күміс, 2 қола) жалпы командалық есепте медаль кестесінде көш бастады. Ақтөбе облысы (3 алтын, 2 қола) екінші орынға жайғасса, Алматы қаласы (2 алтын, 2 күміс) үздік үштікті түйіндеді. Ел біріншілігінің соңғы күнінде спортшылар аралас-командалық жарыста бақ сынады. Ааралас-командалық чемпионатқа 15 команда қатысып, Қарағанды облысының құрама командасы топ жарды. Финалға шыққан Жетісу командасы аралас-командалық жарыстың күміс жүлдегері атанды. Ал қос қола жүлдеге Түркістан облысы мен Алматы қаласының құрама командалары ие болды.

Айта кетерлігі, аталған жарысқа 2004-2006 жылы туған жастар қатысты. Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2024 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан жастар құрама командасы жасақталады.

Жастар арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі келесідей:

Қыздар:

-48 кг

1. Сабина Юлдашбекова (Шымкент)

2. Зарина Хуснадин (Алматы)

3. Сымбат Тагай (Түркістан облысы)

3. Тасним Абдуали (Шымкент)

-52 кг

1. Аяулым Қайрат (Қарағанды облысы)

2. Айшабибі Мурадимова (БҚО)

3. Анель Амангельдинова (Абай облысы)

3. Нұрайлым Сәрсенбек (Ұлытау облысы)

-57 кг

1. Дана Абдирова (Атырау облысы)

2. Ақбота Жалинова (Астана)

3. Карина Каракенова (Абай обтысы)

3. Дина Мұханбет (Қызылорда облысы)

-63 кг

1. Көркем Орынбек (Алматы)

2. Ұлдана Таңжарықова (Жамбыл облысы)

3. Саяжан Озбек (Жетісу облысы)

3. Шынар Бітімбай (Атырау облысы)

-78 кг

1. Анастасия Нагачевская (Алматы)

2. Бақытгүл Омарова (Шымкент)

3. Аружан Жандарбай (Атырау облысы)

3. Салтанат Ахметова (Түркістан облысы)

+78 кг

1. Руслана Макатова (Қарағанды облысы)

2. Айымзада Думанқызы (Атырау облысы)

3. Көркем Бақытбек (Қызылорда облысы)

3. Гүлдана Теңгельаева (Маңғыстау облысы)

Ұлдар:

-60 кг

1. Алдияр Қарғұлов (Қарағанды облысы)

2. Талғат Орынбасар (Шымкент)

3. Данияр Кулушев (Атырау облысы)

3. Мади Серіков (Абай облысы)

-66 кг

1. Ақылжан Жұбатқанов (Ақтөбе облысы)

2. Аян Байкенжеев (Шымкент)

3. Досымжан Бақытов (Ұлытау облысы)

3. Ерасыл Ержанов (Ақтөбе облысы)

-73 кг

1. Әділет Алмат (Ақтөбе облысы)

2. Ернар Кеңесханов (Алматы облысы)

3. Қанат Әбитұлы (Маңғыстау облысы)

3. Айбек Жакашов (Қарағанды облысы)

-81 кг

1. Азат Күмісбай (Маңғыстау облысы)

2. Нұрлан Сайлаубай (Жетісу облысы)

3. Нұрбек Мұрат (Ақтөбе облысы)

3. Данил Крылов (БҚО)

-90 кг

1. Нұржан Бисенов (Ақтөбе облысы)

2. Егор Раков (Қарағанды облысы)

3. Азиз Алтынбай (Қызылорда облысы)

3. Ұлан Алтаев (Қарағанды облысы)

-100 кг

1. Бибарыс Райс (Жамбыл облысы)

2. Рамазан Дүйсенбек (Шымкент)

3. Ерасыл Нұртаза (Алматы облысы)

3. Мейіржан Сламшиков (Астана)

+100 кг

1. Жантілек Нұртілепұлы (Маңғыстау облысы)

2. Жасұлан Халхабаев (Астана)

3. Мейірхан Бисенәли (Түркістан облысы)

3. Ұлан Құмарбай (Алматы облысы)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар