​Түркістанда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды

19:03 | 27 ақпан 2024

Түркістанда «Olympic Center» спорт кешенінде дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 820 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жекелей жарыстар нәтижесі бойынша Түркістан облысының командасы 3 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады. Ал Жетісу облысы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен екінші орынға тұрақтаса, Қызылорда облысы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен үздік үштікті аяқтады.

Қазақстан чемпионатының соңғы күнінде аралас-командалық жарыстар өтті. Барлығы 19 команда қатысқан бәсекеде Қызылорда облысының құрамасы топ жарды. Финалда қарсыласына жол берген Алматы облысының спортшылары екінші орынға тұрақтаса, Шымкент қаласы мен Атырау облысының құрама командалары үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетерлігі, Қазақстан чемпионаты 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында өтті. Аталған Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2024 жылғы спорт маусымында Азия және әлем чемпионаты сынды әлемдік бәсекелерде ел намысын қорғайтын дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.

Жарыс серіктесі - "Сәтті жұлдыз" АҚ

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар