​Қызылорда облысының құрамасы дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды

19:03 | 15 қараша 2023

Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде аралас командалық сайыста үздіктер анықталды. Қазақстанның аралас-командалық чемпионатына барлығы 17 команда қатысты. Нәтижесінде Қызылорда облысы үздік атанды. Финалда қарсыласына жол берген Қарғанды облысы күмісті місе тұтса, Алматы облысы мен Атырау құрама командалары үшінші орынды өзара бөліп алды.

Ал Қазақстан чемпионатының жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық медаль кестесінде Жетісу облысының командасы (3 алтын, 2 күміс) топ жарыс, Ақтөбе облысы (3 алтын) екінші, Маңғыстау (2 алтын) облысы үшінші орындарға жайғасты.

Айта кетерлігі, ел біріншілігіне еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан 463 спортшы өзара мықтыны анықтады.

6bdc5bd095937c098082f04e9059413e.jpg

Қазақстан чемпионатының жекелей жарыстар нәтижесі келесідей:

Әйелдер
- 48 кг
1. Диана Буркеева (Жетісу облысы)
2.Жібек Жақсыбай (Атырау облысы)
3. Зарина Хуснадин (Алматы қаласы)
3. Алира Шегелекова (Абай облысы)
-52 кг
1. Нұрсұлу Ералиева (Жетісу облысы)
2. Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)
3.Аружан Адасқан (Жамбыл облысы)
3. Балнұр Әбдешова (Абай облысы)
-57 кг
1. Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)
2. Севара Нышанбаева (Шымкент қаласы)
3.Ұлдана Усейн (Шымкент қаласы)
3. Дина Мұханбет (Қызылорда облысы)
-63 кг
1. Эсмигүл Куюлова ( Атырау облысы)
2. Ақерке Құлаш (Шымкент)
3. Зарина Сәбитова (Абай облысы)
3. Кристина Сотникова (Абай облысы)
-70 кг
1. Екатерина Токарева (Алматы облысы)
2. Мөлдір Нарынова (Жетісу облысы)
3. Жансая Кабимуллина (Қостанай облысы)
3. Жанна Сәткей (Жамбыл облысы)
- 78 келі
1. Аруна Жангелдина (Ақтөбе облысы)
2. Маргарита Гриценко (Қостанай облысы)
3. Әсел Бейсенбай (Қызылорда облысы)
3. Назерке Тілеуханова (Абай облысы)
+78 келі
1. Камила Берліқаш (Жетісу облысы)
2. Маратова Назгүл (СҚО)
3. Мадина Парагульгова (Алматы)
3. Аида Тойшыбекова (Қарағанды облысы)

Ерлер
-60 кг
1. Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл облысы)
2.Ержан Еренғайыпов (Астана)
3.Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)
3. Дәурен Суюкенов (Алматы облысы)
- 66 кг
1. Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)
2. Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)
3.Еламан Сұлтанбай (Алматы облысы)
3.Алмас Ғалымов (Абай облысы)
-73 кг
1. Асқар Нарқұлов ( Маңғыстау облысы)
2. Дархан Қойбағаров (Жетісу облысы)
3. Барыс Қуан (Абай облысы)
3. Ислам Тоқтасын (Алматы облысы)
- 81 кг
1. Мейірлан Максим (Маңғыстау облысы)
2. Жалғас Қайролла (Абай облысы)
3. Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО )
3. Мәди Амангелді (Астана)
- 90 кг
1. Айдар Арапов (Түркістан облысы)
2. Ермахан Ануарбеков (Абай облысы)
3. Асқар Біржанов (Қарағанды облысы)
3. Құдірет Досымов (Шымкент)
- 100 кг
1. Ислам Бозбаев (Қарағанды облысы)
2. Әділет Сапарғалиев (Атырау облысы)
3. Ермахан Естай (Астана)
3. Бекзат Шағатаев (Атырау облысы)
+100 кг
1. Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы)
2. Әділ Оразбаев (Абай облысы)
3. Мәди Еділбаев (Алматы облысы)
3. Ғалымжан Қырықбай (Жамбыл облысы)

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар