Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

15:16 | 08 қараша 2023

Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел біріншлігі 12-15 қараша күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтпек. Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Қатысушылар арасында бүгінде ұлттық құрама сапында әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген бірқатар татами шеберлері бар. Атап айтқанда, Серікбаев Нұрқанат, Данияр Шамшаев, Ислам Бозбаев, Ғалымжан Қырықбай, Бауыржан Нарбаев, Есет Қуанов, Эсмигул Куюлова, Ғалия Тынбаева, Камила Берліқаш сынды Азия чемпионатының, Азия ойындарының, әлемдік Гран-при және Grand Slam жарысының жеңімпаз-жүлдегерлері қатысады.

Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2024-2025 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Cондай- ақ, аралас командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.

Қазақстан чемпионатының жарыс кестесі

12 ҚАРАША

Жарыстың басталуы - 10:00

Ерлер: -60 кг, -66 кг

Әйелдер: -48 кг, -52 кг

Финалдық белдесулер – 17:00

13 ҚАРАША

Жарыстың басталуы - 9:00

Ерлер: -73 кг, -81 кг

Әйелдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг

Жарыстың ресми ашылу салтанаты - 16:30

Финалдық белдесулер – 17:00

14 ҚАРАША

Жарыстың басталуы - 10:00

Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: -78 кг, +78 кг

Жарыстың ресми ашылу салтанаты - 16:00

15 ҚАРАША

Аралас-командалық жарыс

Жарыстың басталуы - 10:00

Ерлер: -73 кг, -90 кг, +90 кг

Әйелдер: -57 кг, -70 кг, +70 кг

Жарыстың ресми ашылу салтанаты - 15:00

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар