Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Тблисиде өтіп жатқан Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды

21:10 | 25 наурыз 2023

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінде күміс медальға қол жеткізді.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда ол Австрия өкілі Уашид Борчашвилиге есе жіберді.
Бұл 23 жасар Абылайхан Жұбаназардың ересектер арасындағы әлемдік турнирде жеңіп алған алғашқы жүлдесі.
Абылайхан Жұбазанар финалға дейін төрт кездесу өткізді. Жарысты екінші айналымнан бастаған ол іріктеу кезеңінде Канада және Польша спортшыларын жеңді. Ширек финалда молдовалық Виктор Стерпуден басым түссе, жартылай финалда татами иесі, Грузия спортшысы Дмитрий Гочилидзені иппон ұпайымен ұтты.
Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күнінде екі қола жүлде жеңіп алған болатын. Атап айтқанда, Абиба Абужақынова (48 кг) мен Мағжан Шамшадин (60 кг) ел қоржынына қос қола жүлде салды.
Тблиси татамиінде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысы 26 наурызға дейін жалғасады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар