Grand Slam Tblisi 2023: Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар тізімі белгілі

12:05 | 20 наурыз 2023

24-26 наурыз күндері Грузия астанасы Тблиси дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің кезекті кезеңі өтеді. Аталған жарысқа әлемнің 62 елінен 440 спортшы қатысады деп жоспарланған.

Тблиси татамиінде Қазақстан намысын 24 дзюдошы қорғайды:

Әйелдер:

48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева

52 кг: Толғанай Әбеуова, Гаухар Ирмағамбетова

57 кг: Бақыт Құсақбаева

63 кг: Есмигүл Куюлова

70 кг: Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы

+78 кг: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

Ерлер:

60 кг: Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан

66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Ермек Амангелді

73 кг: Жансай Смағұлов, Асқар Нарқұлов

81 кг: Мадияр Сембаев, Абылайхан Жұбаназар

90 кг: Дидар Хамза, Айдар Арапов

100 кг: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас

+100 кг: Ғалымжан Қырықбай, Жамбыл Тұрғыналиев

Айта кетерлігі, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпазға 1000 ұпай, екінші орынға – 700, үшінші орын алған спортшыға 500 ұпайдан беріледі.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар