Қазақстан Дзюдо федерациясы жетекші қазақстандық атлеттер мен жаттықтырушыларды марапаттауға 20 млн теңге бөлді
Дзюдо федерациясы 2022 жылы ең үздік нәтиже көрсеткен осы спорт түрінің қазақстандық өкілдеріне 4 миллион теңгегедейінгі сомаға сыйлық сертификаттарын табыс етті.
Өткен жыл отандық дзюдошылар үшінсәтті болды. Қазан айында Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар екі қола жүлдеге ие болды. Елдос Сметов ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға табан тіресе, Әбиба Әбужақынова әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді.
Тамыз айында өткен құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасы ел намысын абыроймен қорғады. Атап айтқанда, 73 келіге дейінгі салмақта Данияр Шамшаев жарыс жеңімпазы атанды. Ал 100 келіге дейінгі Ислам Бозбаев күміспен күптелді. Дидар Хамза, Мағжан Шамшадин, Ғұсман Қырғызбаев, Нұрлыхан Шархан және Аруна Жангельдина Азия чемпионатының қола жүлдсін қоржынға салған болатын.
Сонымен қатар, Камила Берліқаш қараша айында Бакуде өткен Grand Slamс ериясы турнирінің қола жүлдегері атанды, ал Босния мен Герцеговинада жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 50 келігедейінгі және 60 келігедейінгі санаттарда қола медальдарды қазақстандықтар Диас Жолдыбаев пен Талғат Орынбасар жеңіп алды. Олардың барлығы дзюдо Федерациясында қалыптасқан дәстүр бойынша 19 қаңтарда түрлі ақшалай сыйақылармен марапатталды. Әлем чемпионатының жүлдегерлері 4 млн теңгеден, Азия чемпионы – 2 млн теңгеден, құрлықтық біріншіліктің күміс жүлдегері – 700 мыңтеңгеден еншіледі. Ал қола жүлдегерлер – жарты миллион теңгеден және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері 400 мың теңгеден иеленді. Ақшалай сертификаттар Қазақстан құрамасының жаңа маусым қарсаңында өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиынында табысталды.
«Бүгін біз өткен жылы үздік нәтижелерге қол жеткізген спортшыларды марапаттаймыз. Мен осы лауазымға жаңадан кіріскен федерация президенті ретінде, біздің құрылымымызда бұрыннан қалыптасқан осы бір жағымды дәстүрді қуана жалғастырамын», - деп атап өтті Қазақстан дзюдо федерациясының басшысы Қуанышбек Есекеев.
«Біздің еліміздің алдындағы ірі халықаралық старт жүлдегерлерінің еңбегін әділ мойындаудан бөлек, бүгінгі марапаттау салтанаты халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғайтын барлық спортшылар, сонымен қатар спортта алғашқы қадамын жасап жатқан жас дзюдошылар үшін жақсы ынталандыру болады деп ойлаймын. Сонымен қатар, Федерацияда көптеген танымал спортшыларды дайындаған мықты мамандарға сүйене отырып, біздің спортты елде қалай насихаттауға болатындығы туралы дұрыс көзқарас қалыптасқан»,- деді ол.
Айта кетейік, 19 қаңтарда сыйақыларды республиканың жетекшідзюдошылары ғана емес, сонымен қатар 700 мың теңгекөлеміндегі ақшалай сертификаттар мен еліміздің ерлер мен әйелдер ұлттық құрама командаларының бас жаттықтырушылары Нұрбол Сүлейменов пен Ерлан Алпысбаев марапатталды. Бүгінде олардың басшылығымен еліміздің 120-ға жуық жетекші дзюдошылары Гран При және Grand Slam серияларына, сондай-ақ мамырайында Катарда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Айта кету керек, бұл турнирлерде қазақстандық дзюдошылар 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу шеңберінде іріктеу ұпайларын жинай бастайды.
Қазақстандық спортшыларды осы старттарға даярлауға жаттықтырушылардан, консультанттардан, дәрігерлерден, массажистерден және ұлттық құрама менеджерлерінен тұратын татулығы жарасқан команда атсалысуда. Олар Федерация тарапынан 250 мыңнан 700 мың теңгеге дейінгі көлемдегі сертификаттармен марапатталды. Қуанышбек Есекеев атап өткендей, қазіргі кәсіби спортта ұсақ-түйек жоқ, сондықтан қазақстандық дзюдошының халықаралық старттардағы әрбір табысының артында көптеген мамандардың қажырлы еңбегі жатыр. Олардың тәжірибесі елімізде спорттың осы түрін танымал етуге, таланттарды анықтауға және оларды ең заманауи және озық әлемдік әдістемелер бойынша дамытуға бағытталған «Қазақстандағы Дзюдо-2024-2028» жобасын іске асыру кезінде аса қажет болады.
«Қазір ресми деректер бойынша Қазақстанда барлығы 85 мыңға жуық адам дзюдомен шұғылданады. Дзюдодан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаттарына еліміздің түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астап спортшы бас қосып, өзара бақ сынайды. Бұл елімізде дздюдо спортының қарқынды дамып келе жатқанының көрінісі. Бірақ біз бұдан да биік шыңды бағындыра алатынымызға сенеміз, - дейді Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев.
«Бірнеше жыл бұрын Алматыда Дзюдо академиясы ашылды, онда жас буын ұлттық құраманың спортшыларымен бірге жаттығады. Біз жаңа таланттарды анықтау үшін осындай қадамдарды көбірек жасауымыз керек. Мен өзім көптеген жылдар бойы кәсіби деңгейде спортпен шұғылданған адам ретінде олимпиада жүлдегерлерімен, әлем біріншіліктерінің жүлдегерлерімен және құрлық чемпиондарымен бір залда жаттығу мүмкіндігі спортқа көптеген балалар мен жасөспірімдерді баулиды, тартады. Ал бұл, сайып келгенде, қазақстандық дзюдоның әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады сөзін Асхат Жіткеев.
0 пікірлер