​Атырауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

20:09 | 18 қараша 2022

Атырауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде аралас-командалық бәсеке бойынша үздіктер анықталды.

Қазақстанның аралас-командалық чемпионатына барлығы 18 команда қатысты. Нәтижесінде Жетісу құрамасы үздік атанды. Финалда қарсыласына жол берген Маңғыстау облысы күмісті місе тұтса, Алматы облысы мен Атырау құрама командалары үшінші орынды өзара бөліп алды.

2022 жылғы Қазақстан чемпионатының жекелей сындары бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 500-ге жуық спортшы қатысты. Жекелей сында Ақтөбе облысының спортшылары 3 алтын мен 1 қола жүлде жеңіп, медаль кестесінде көш бастады. Атырау облысының дзюдошылары 2 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдемен екінші орынға жайғасса, қоржынында 2 алтын, 1 күміс және 2 қоласы бар Алматы қаласының құрамасы үздік үштікті қорытындылады.

Спортты қолдау «Sport Qory» жарыстың ресми бас серіктесі болып табылады.

Жекелей сындар бойынша Қазақстан чемпионатында жеңімпаз бен жүлдегер атанған дзюдошылар тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

-48 кг

1. Ғалия Тыныбаева(Алматы қаласы)

2. Сара Құлым (Түркістан облысы)

3. Ирина Дубовская (Жетісу облысы)

3. Айкүнім Түйтекова (Алматы облысы)

-52 кг

1. Әйгерім Әбілқадірова (Астана қаласы)

2. Толғанай Әбеуова(Ақмола облысы)

3. Гүлдана Әлмұқанбетова (Маңғыстау облысы)

3. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)

-57 кг

1.Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)

2.Дана Әбдірова (Атырау облысы)

3.Балнұр Құрманбай (Алматы)

3. Рауза Нұрмұхамметова (Жамбыл облысы)

-63 кг

1. Эсмигүл Куюлова (Атырау облысы)

2. Мөлдір Нарынова (Жетісу облысы)

3. Зарина Сарипова (Абай облысы)

3. Самалай Ерғалиева (Қостанай облысы)

-70 кг

1. Анастасия Маякова (Ақмола облысы)

2. Анастасия Морозова (Алматы)

3. Ажар Асхат (Абай облысы)

3. Перизат Жақыпбекова (Түркістан облысы)

-78 кг1. Аруна Жангельдина (Ақтөбе облысы)
2. Назерке Тілеуханова (ШҚО)
3. Әсел Бисенбай (Қызылорда облысы)
3. Лаура Жәнібекова (Қарағанды облысы)


+78 кг

1. Ақерке Рамазанова (Алматы қаласы)
2. Камила Берліқаш (Жетісу облысы)
3. Альбина Бахиева (Шымкент)
3. Аида Тойшыбекова (Қарағанды облысы)

Ерлер:

-60 кг

1.Қанат Сейілхан (Атырау облысы)

2.Мерей Марханбетов(Маңғыстау облысы)

3.Ержан Еренғайыпов (Астана қаласы)

3. Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда облысы)

-66 кг

1. Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)

2. Сұңғат Жұбатхан (Маңғыстау облысы)

3. Айболат Ыстыбай (Атырау облысы)

3. Ермек Амангелді (Атырау облысы)

-73 кг

1. Данияр Шамшаев (Жамбыл облысы)

2. Аңсарбек Ғайнуллин (Батыс Қазақстан облысы)

3. Дархан Қойбағар (Жетісу облысы)

3. Асқар Нарқұлов (Маңғыстау облысы)

- 81 кг

1. Мадияр Сембаев (ШҚО)

2. Бекәділ Шаймерденов (Жамбыл облысы)

3. Нұржан Бисенов (Ақтөбе облысы)

3. Жалғас Қайролла (Абай облысы)

-90 кг

1. Дидар Хамза (Түркістан облысы)
2. Айдар Арапов (Түркістан облысы)
3. Мухаммедали Мавлидов (Жетісу облысы)
3. Ерасыл Жаңатаев (Алматы облысы)

-100 кг

1. Бекарыс Сәдуақас (Жетісу облысы)
2. Бекзат Шағатаев (Атырау облысы)
3. Нұрлыхан Шархан (Қызылорда облысы)
3. Сұңғат Закарияев (Атырау облысы)

+100 кг

1. Әділ Оразбаев (Абай облысы)
2. Жамбыл Тұрғыналиев (Жамбыл облысы)
3. Серік Сәлменов (Павлодар облысы)
3. Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар