Елдос Сметов әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанды

19:27 | 06 қазан 2022

Елдос Сметов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпонатында Қазақстан қоржынына екінші қола медальді салды.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалында өзбекстандық Дильшотбек Баратовты қосымша уақытта вазари ұпйымен жеңді.

Елдос Сметов әлем чемпионатын жеребеге сәйкес екінші айналымнан бастады. Ол алғашқы қарсыласы әзірбайжандық Карамат Хусейновты ұтып, екінщі кездесуінде Израиль спортшысы Матан Коколаевтан басым түсті. Ширек финалда Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері тайпейлік Янг Юнг Уэйге жол бергендіктен жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алды. Жұбаныш белдесуінде испаниялық Франциско Гарригосты вазари ұпайымен ұтты.

Айта кетерлігі, бұл Елдос Сметовтың спорт мансабында әлем чемпионатындағы үшінші медалі. Ол осы уақытқа дейін 2015 жылы (Астана) алтын, 2019 жылы (Токио) қола жүлдесін жеңіп алған. Осылайша, Елдос Сметов Қазақстан тарихында дзюдодан әлем чемпионатынан үш медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық дзюдошы атанды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар