Абиба Абужақынова - әлем чемпионатының қола жүлдегері

18:40 | 06 қазан 2022

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Абиба Абужақынова Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Абиба Абужақынова әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Жұбашын финалында ол Чили спортшысы Мари де Варгасты ұтты.

Айта кетерлігі, ол алғашқы қарсыласы бразилиялық Аманда Лиманы, екінші кездесуінде Еуропа чемпионы Ширинле Боуклиді, ширек финалда Сербия спортшысы Милиса Николичті ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Алайда, жартылай финалда жапониялық Нацуми Цунодаға жол берген болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар