Ғұсман Қырғызбаев Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18:31 | 04 тамыз 2022

Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медалмен толықты. 66 келі салмақтағы Ғұсман Қырғызбаев Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бұл оның жаңа салмақтағы алғашқы жүлдесі болып саналады.
Айта кетерлігі, ол жұбаныш белдесуінде Джавашвили Гурамды жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.
Осылайша, алғашқы жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар үш медаль жеңіп алды.

Дзюдодан Азия чемпионаты отандық «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетуде. Спортты қолдау «Sport Qory» жарыстың ресми бас серіктесі болып табылады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар