Абиба Абужақынова - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

17:32 | 04 тамыз 2022

Абиба Абужақынова Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медалді салды. 48 келіге дейінгі салмақта белдескен ол күміс жүлдеге ие болды.

Отандасымыз финалда жапониялық Кога Уаканаваға жол берді.

Айта кетерлігі, ол жартылай финалда Наранцэцэг Ганбаатарды голден скорда жеңді.

1. Кога Уакана (Жапония)

2. Абиба Абужақынова (Қазақстан)

3. Ли Хе-янг ( Корея)

Дзюдодан Азия чемпионаты отандық «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетуде. Спортты қолдау «Sport Qory» жарыстың ресми бас серіктесі болып табылады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар