Абиба Абужақынова Азия чемпионатының финалына шықты

14:11 | 04 тамыз 2022

Елордада дзюдодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Әйелдер арасында 48 келіде белдескен қазақстандық Абиба Абужақынова финалға жолдама алды.

Ол жартылай финалда Наранцэцэг Ганбаатарды голден скорда жеңді. Отандасымыз финалда жапониялық балуан Уакана Когамен кездеседі.

Финалдық белдесулер елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Айта кетерлігі, Азия чемпионаты Нұр-Сұлтандағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.

Дзюдодан Азия чемпионаты отандық «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетуде. Спортты қолдау «Sport Qory» жарыстың ресми бас серіктесі болып табылады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар