Дзюдодан Азия чемпионатының жеребесі тартылды

16:24 | 03 тамыз 2022

Дзюдодан Нұр-Сұлтанда өтетін Азия чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде Құрлықтық бәсекеде белдесетін балуандардың алғашқы қарсыластары анықталды. Кіл мықтыны анықтайтын додада Азияның 19 елінен 200-ге жуық спортшы өзара бақ сынаспақ.

Азия чемпионаты 4 тамыз күні сағат 11:00-де басталады. Жарыстың алғашқы күнінде татамиге ерлерден 60, 66, ал әйелдер арасында 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі дзюдошылар үздіктерді анықтайды.
Екінші жарыс күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де басталады. Бұл күні ерлерден 73, 81, ал әйелдерден 63 пен 70 келіге дейінгі дзюдошылар жарыс жолына шығады.
Жекелей сынның соңғы жарыс күнінде ерлер арасында 90, 100 және 100-ден жоғары салмақтағы балуандар, әйелдер арасында 78 және 78 келіден жоғары салмақтағы спортшылар белдесетін болады.

Дзюдодан Азия чемпионаты отандық «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетеді. Спортты қолдау «Sport Qory» жарыстың ресми бас серіктесі болып табылады.

56f69a2161e0e5966488e28507d4b45d.jpg

9f1846de8af0ae30f4b53f7ebb3e29c4.jpg

0fdf0dd60af2ae53cc87188674bbfa32.jpg

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар