Оралда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді
11:10 | 18 қараша 2021
Оралда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Ел біріншілігіне Қазақстанның 14 облысы және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 400-ден астам татами шебері қатысады деп жоспарлануда.
Жылдың маңызды додасы 19-21 қараша күндері Орал қаласында орналасқан "Теннис орталығы" спорт кешенінде өтеді.
Жарыс бағдарламасы
19 қараша
Жарыстың басталуы – 10:00
Әйелдер: -48 кг, -52 кг
Ерлер: -60 кг, -66 кг
20 қараша
Басталуы – 10:00
Әйелдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг
Ерлер: -73 кг, -81 кг
21 қараша
Басталуы – 10:00
Әйелдер: -78 кг, +78 кг
Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг
0 пікірлер