Ақтауда ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогі өтеді
13-14 наурыз күндері Ақтау қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ашық Азия кубогы өтеді.
Тұрар Жолдыбаевтыескеалуғаарналғантурнирге8 елден 200-ден астам татами шебері қатысады деп жоспарланған.
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай, лицензиялық жарыс саналатын ашық Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпайлар беріледі:
1 орын – 100 ұпай
2 орын – 70 ұпай
3 орын – 50 ұпай
Екі күнге созылатын жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз:
13 наурыз
Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг
Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг
10:00 – жарыстың басталуы
16:30 –жарыстың ресми ашылу салтанаты
17:00 –финалдық кезең
14 наурыз
Ерлер: - 81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг
Әйелдер: - 70 кг, -78 кг, +78 кг
10:00 – жарыстың басталуы
17:00 – финалдық кезең
0 пікірлер