Ақтауда Қазақстан чемпионаты аяқталды
Бірінші жартыжылдықта коронавирус пандемиясына байланысты қиындықтарға қарамастан, біз бәрібір ойымызды жүзеге асыра алдық.
Бүгінде барлық дерлік спорттық іс-шаралар тоқтатылған кезде спортшылар формаларын сақтап қалуы керек, ал жарыстарға қатысу бұл үшін тамаша мүмкіндік болып табылады.
Дзюдодан ересектер арасында Қазақстан чемпионатын өткізу туралы шешім оңай болмады, өткізу орны Атырау қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына, одан кейін Ақтау қаласына ауыстырылды.
Біздің турнир көптеген дзюдошыларға көп айлар бойы болмаған жарыс тәжірибесі тұрғысынан өте маңызды.
Жарыс Қазақстанның барлық өңірлерінен 273 дзюдошының қатысуымен көрерменсіз өтті, оның ішінде 168 ер адам және 105 әйел бар. Ерлерде - жеті, әйелдерде - жеті салмақ дәрежесінде 14 марапат жиынтығы ойналды.
Аталған Чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасының спортшылары Шамшаев Данияр (Жамбыл облысы), Даяна Талғат (Алматы қаласы), Құндыз Жылқыбай және Абылайхан Жұманазар (Қызылорда облысы) дзюдодан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының құрамына сәтті өтті.
Қазіргі жарыстарға қатысушылардың саны да, жоғары деңгейі де қуантты; олардың қатарында атақты дзюдошылар - Қазақстан, Азия және әлем чемпионаттары мен біріншіліктерінің жеңімпаздары да болды, олар 2021 жылы қаңтарда Доха қаласында (Катар) өтетін, IJF әлемдік рейтингінің үздік дзюдошылары біліктілік ұпайларын сарапқа салатын дзюдодан "Мастерс" сериясынан өтетін ірі халықаралық турнирде барлық күш-жігерлерін жұмсайды.
Қазақстан Чемпионатының ұйымдастыру комитетіне – Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Қошқарбайұлы Жұмабаевқа, сондай-ақ Маңғыстау облысының дзюдо федерациясының басшысы Асылбек Тұрарұлы Жолдыбаевқа Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін жүлде қорын құрғандығы үшін алғыс білдіремін.
Чемпионат спортшыларға жарыс тәжірибесі болмаған кезде тиісті дене шынықтыру, психологиялық және техникалық формада болу қаншалықты қиын екенін көрсетті.
Бірақ сіздер рухтанып, мықты қарсыластарыңызға командалық бейімділікті, өжет мінез және ерік-жігерді қарсы қойдыңыздар; керемет техника, жылдам шабуыл жасай білу және мықты қорғану шеберлігін көрсеттіңіздер.
Барлықтарыңызға тек жеңіс тілеймін!
Қазақстан Республикасы
Дзюдо федерациясының президенті
Қ. Қожамжаров
0 пікірлер