Мереке құтты болсын!
11:30 | 01 мамыр 2020
Құрметті дзюдошылар, бапкерлер мен дзюдо жанашырлары!
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке бірлік пен бейбітшіліктің, ынтамақтастық пен сыйластықтың символы іспетті.
Осындай қиын-қыстау шақта бірлік деген – біздің басты құндылығымыз! Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмылған кезде ғана біз мықты болып, кез келген қиындықты жеңіп шығамыз.
Еліміз үшін аса маңызды мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі мереке қарсаңында сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Бірлігіміз жарасып, бір шаңырақ астында бейбіт күндеріміз ұзағынан болғай!
Ізгі ниетпен,
Қ.Қожамжаров
0 пікірлер