КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ!
10:48 | 14 сәуір 2020
Бүгін, 14 сәуірде 81 жасында Қазақстан дзюдосына үлкен еңбегі сіңген майталманы Бекет Сапабекұлы Махмұтов дүниеден озды.
Бекет Сапабекұлының аты Қазақстан спортында алтын әріптермен жазылып қалды. Ол 2009-2012 жылдары Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті болды. Сондай-ақ, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарды.
⠀
Қазақстан дзюдо федерациясы Бекет Махмұтовтың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
⠀
0 пікірлер