Наурыз құтты болсын!
12:19 | 21 наурыз 2020
Құрметті дзюдошылар, бапкерлер мен дзюдо жанашырлары!
Сіздерді Қазақстан дзюдо федерациясының атынан төл мерекеміз ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекебірліктің, татулықтың, ізгілік пен бақыттың символы іспеттес. Мызғымас бірліктің арқасында осындай қиын-қыстау күнде кез келген қиындықты бірге бағындыратынымызға сенемін!
Ұлыстың Ұлы күні саналатын Наурыз мерекесінде еліміздің ырысы мен ынтымағын нығайтып, әр отбасының береке-бірлігін арттырсын. Бірлігі мен татулығы жарасқан мейрам спортшыларымыз үшін жаңа табысқа толы болсын!
Ырыс оң болсын, ақ мол болсын!
Наурыз құтты болсын!
0 пікірлер