Таразда дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан Чемпионаты өтеді
5-8 наурыз күндері Таразда дзюдодан жастар арасындағы қазақстан чемпионаты өтеді. Жастар арасында ұйымдастырылатын додаға 2000-2002 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады. Жарыс қорытындысы бойынша 2020 жылы халықаралық додада ел намысын қорғайтын жастар құрама командасы жасақталады.
Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының жарыс кестесі:
5 наурыз
Ұлдар: -60 кг, -66 кг;
Қыздар: -48 кг, -52 кг;
10:00 - жарыстың басталуы
16:00 - жарыстың салтанатты ашылу рәсімі
16:30 – финал
6 наурыз
Ұлдар: -73 кг, -81 кг;
Қыздар: -57 кг, -63 кг, -70 кг;
10:00 - жарыстың басталуы
16:00 – финал
7 наурыз
Ұлдар: -90 кг, -100 кг, +100 кг;
Қыздар: -78 кг, +78 кг;
10:00 - жарыстың басталуы
15:00 – финал
8 наурыз
Аралас-командалық жарыс
10:00 - жарыстың басталуы
15:00 – финал
0 пікірлер