Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінен 8 медаль алды
29 ақпан мен 1 наурыз күндері Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі өтті. Екі күнге созылған жарыста Қазақстан жасөспірімдер командасы 1 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдемен аяқтады.
Анталия татамиіне әлемнің 16 елінен 515 дзюдошы жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы медаль кестесінде 3-ші орынға жайғасты.
Назарларыңызға қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынамыз:
Алтын – Мерей Марханбетов (60 кг)
Күміс – Олжас Еренғайбов (60 кг)
Күміс – Нұрайлым Сәрсенбек (40 кг)
Күміс – Аружан Ережепова (52 кг)
Күміс – Шапағат Дәулет (57 кг)
Қола – Олжас Құмар (55 кг)
Қола – Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг)
Қола – Әділ Абдуахатов (73 кг)
0 пікірлер