​Халықаралық дзюдо федерациясы әлемдік рейтингті жаңартты

13:54 | 12 ақпан 2020

Халықаралық дзюдо федерациясы Парижде өткен Grand Slam жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты. Аталған жарыста екінші орын алған Жансай Смағұлов 700 ұпай қосып, жеті сатыға жоғарылап, 24-ші орынға жайғасты. Ал қола жүлдегер Елдос Сметов 500 ұпай еншілеп, рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды.

Назарларыңызға қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орнын ұсынамыз (ТОП-50):
60 кг
Елдос Сметов - 2 орын (5868 ұпай)
Ғұсман Қырғызбаев - 7 (4345)
66 кг
Ерлан Серікжанов - 10 (3805)
Елдос Жұмақанов - 18 (2775)
73 кг
Жансай Смағұлов - 24 (2553)
81 кг
Дидар Хамза - 25 (2186)
Руслан Мусаев - 45 (1109)
90 кг
Ислам Бозбаев - 19 (2673)
100 кг
Айбек Серікбаев - 48 (1050)
+100 кг
Ерасыл Қажыбаев - 37 (1423)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар