Ерлан Серікжанов IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады
27 қаңтар Тель-Авив Гран Приінен кейін халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) бүкіләлемдік дзюдошылар рейтингін жаңартты. Жаңартылған рейтингке сәйкес, Израильде өткен Гран При турнирінің күміс жүлдегері қазақстандық Ерлан Серікжанов 11-ші орыннан 9-шы орынға 2 сатыға жоғарылады.
Назарларыңызға жаңартылған рейтингтегі қазақстандық дзюдошылар орнын ұсынамыз (ТОП-50):
60 кг
Елдос Сметов – 2 орын (5809 ұпай)
Ғұсман Қырғызбаев – 8 (4170)
66 кг
Ерлан Серікжанов – 9 (3829)
Елдос Жұмақанов – 19 (2775)
73 кг
Жансай Смағұлов – 31 (1965)
81 кг
Дидар Хамза – 24 (2282)
Руслан Мұсаев – 41 (1279)
90 кг
Ислам Бозбаев – 17 (2943)
100 кг
Айбек Серікбаев – 46 (1045)
+100 кг
Ерасыл Қажыбаев – 36 (1423)
Айта кетерлігі, 23-25 қаңтар күндері Израильдің Тель-Авив қаласында рейтингтік Гран При турнирі өтті. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша Гран При жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылды. Жеңімпаз 700 ұпайға ие болса, екінші орын алған спортшы - 490, үшінші орын иегеріне 350 ұпайдан берілді.
0 пікірлер